Layer-5851.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі" КММ

+7 705 675 3757

ХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХ
ХХХ ХХХ ХХХХ

+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
Жүгіру жолы

2026 жылдың 02-05 наурыз аралығында «мектепалды сынып тәрбиешілері» әдістемелік бірлестігінің «Көктем – жаңару мен білім бастауы» атты апталығы өтті. Апталықтың негізгі мақсаты – балалардың көктем мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету; танымдық қызығушылықтарын арттыру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру; білімге деген ынталарын оятып, оқу әрекетіне қызығушылығын дамыту; шығармашылық қабілеттерін (ән айту, сурет салу, қолөнер, тақпақ айту) жетілдіру; ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту; экологиялық тәрбие беру арқылы табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Апталықтың алғашқы күнінде, мектептің І қабатында ресми ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында бірлестіктің тәрбиешілерімен ұстаздары апталықтың мақсат-міндеттерін атап өтіп, тәрбиеленушілердің алда күтетін қызықты іс-шаралармен таныстырды және ойындар, викториналық сұрақтар жүргізді.

02 наурыз күні мектепалды «А» сынып тәрбиешісі А.А. Байгенжина мектепалды сыныптарының ата-аналарына «Арман әлемін бірге жасайық» атты шеберлік сыныбын өткізді. Шебер-сынып барысында ата-аналар балаларға арнап фетрден әтүрлі мамандық иесінің костюмдерін жасады.

 03 наурыз күні таным саласы математика негіздері пәні бойынша «Қызықты сандар әлеміне саяхат» атты тақырыбында Каирова А. Е. ашық ҰІӘ (ұйымдастырылған іс-әрекет) көрсетті. Ұйымдастырылған іс әрекет өте қызықты болды, балалар белсенді қатысты.

Аптаның осы күнінде мектепалды сынып тәрбиеленушілеріне «Қызықты үзіліс» бәйге жарыс ойыны өткізілді. Балалар ойынға көңілді, белсенді қатысып отырды.

«Анашым-менің ертегім» атты аналар мерекесі 4 наурыз күні акт залда өтті. Балалар сахнада өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

5 наурыз күні мектебіміздің ұстаздарына арналған «Ұстаз қолына-қлттық мұра» тақырыбында шеберлік сыныпты тәрбиеші А.Н.Орумбаева ұйымдастырды. Ұстаздарға қалыпты күн тәртібінен өзгеше іс-әрекет болды.

Апталықтың қорытындысында белсенділік танытқан тәрбиеленушілер марапатталып, апталық ресми түрде жабылды. Барлық іс-шаралар жоспарға сай, жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысқан тәрбиеленушілер мен ұстаздарға алғыс білдіреміз.