2026 жылдың 6–10 сәуір аралығында мектебімізде «Progress» жас мамандар шығармашылық тобының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар аясында жас маманның заманауи көзқарасы» атты жас мамандар апталығы өткізілді.
Апталықтың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға бағыттау және шығармашылық әлеуетін дамыту болды. Апталық аясында ұйымдастырылған іс-шаралар жас мамандардың тәжірибе алмасуына, кәсіби дамуына және оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етті.
Апталықтың ашылу салтанаты мектеп қабырғасында ұйымдастырылып, жас мамандар апталығының мақсаты мен міндеттері таныстырылды. Сонымен қатар қатысушыларға апталық барысында өткізілетін іс-шаралар жоспары ұсынылып, ұлттық құндылықтардың білім беру үдерісіндегі маңызы атап өтілді.
Апталықтың алғашқы күндері 5–7 сынып оқушылары арасында «Ұлттық құндылықтар: мәдениет пен дәстүр үндестігі» тақырыбында миға шабуыл ұйымдастырылды. Іс-шараны Мақсұтова Маржан Қарабекқызы мен Қуанышбай Роза Нұрланқызы жүргізіп, оқушылар ұлттық мәдениет, салт-дәстүр туралы ой бөлісіп, өз білімдерін ортаға салды. Оқушылардың сыни ойлау қабілеті мен белсенділігі жоғары деңгейде байқалды.
8–11 сынып оқушылары арасында «Ұлттық рух – салауатты ұрпақ» тақырыбында баскетбол жарысы өткізілді. Жарысты Мирам Шынғыс Ахметұлы мен Шарипов Асылхан Сабыржанұлы ұйымдастырып, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты қалыптастыру мақсатында тартысты ойындар өтті.
Апталық барысында мектептің коворкинг аймақтарында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған түрлі танымдық ойындар ұйымдастырылып, барлық топ мүшелері белсенді атсалысты. Бұл шаралар оқушылардың қызығушылығын арттырып, ұлттық тәрбиеге деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
Психологиялық бағытта «Ұлттық құндылықтар аясындағы арт-терапия: ұстаздың кәсіби күйзелісін жеңу жолы» тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шараны Ахметова Дилара Бахытбековна, Буркитбайқызы Аружан және Сулейманова Жансая Тимуровна жүргізіп, жас педагогтерге эмоционалдық күйзелісті жеңу, ішкі ресурстарды дамыту жолдары көрсетілді. Қатысушылар арт-терапиялық әдістер арқылы өз сезімдерін білдіріп, психологиялық қолдау алды.
Сонымен қатар 6–9 сынып оқушылары арасында «Ұлттық құндылықтар әлемі» тақырыбында кинофильм тамашалау ұйымдастырылды. Іс-шараны Сембаева Данагүл Нысанбайқызы мен Шарипов Асылхан Сабыржанұлы өткізіп, фильм арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың маңызы түсіндірілді.
Апталықтың ерекше әрі қызықты іс-шараларының бірі – «Хогвартс стиліндегі квест: ұлттық құндылықтар ізімен» ойыны болды. Бұл квестті Буркитбайқызы Аружан мен Сулейманова Жансая Тимуровна ұйымдастырып, қатысушылар түрлі тапсырмалар арқылы ұлттық құндылықтарды тереңірек танып, шығармашылық және логикалық қабілеттерін көрсетті.
Апталықтың қорытындысында барлық іс-шаралар жоспарға сай, жоғары деңгейде өткізілгені атап өтілді. Белсенділік танытқан оқушылар мен жас мамандар марапатталып, апталық өз мәресіне жетті.
Қорытындылай келе, «Ұлттық құндылықтар аясында жас маманның заманауи көзқарасы» атты апталық жас педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, ұлттық тәрбие мен заманауи білімнің сабақтастығын нығайтуға үлкен үлес қосты. Апталық барысында жинақталған тәжірибе алдағы уақытта білім беру үдерісінде тиімді қолданылатын болады.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі" КММ
+7 705 675 3757

ХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХ
ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ

