2026 жылдың 19 - 23 қаңтар аралығында «Өнер және дене шынықтыру» әдістемелік бірлестігінің «Талантты тани білуде өнер» атты апталығы өтті. Апталықтың негізгі мақсаты - салауатты өмір салтына, көркем еңбекке, спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Білімді, өнерлі, намысшыл, парасатты, еңбекқор ұрпақ қалыптастыру. Әр күн қызықты да тартысты іс - шараларға толы болып, оқушылар белсенділігін арттыра түсті.
Апталықтың алғашқы күнінде, мектептің І қабатында ресми ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында бірлестіктің мұғалімдері апталықтың мақсат - міндеттерін атап өтіп, оқушыларды алда күтетін қызықты іс - шаралармен таныстырды және ойындар, викториналық сұрақтар жүргізді. Сонымен қатар көрме жұмысы ұйымдастырылды.
20 қаңтар күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі Д.К. Абдимоминова 6 «А» сыныбының қыздарына «Шұлықтан жасалатын ойыншық» атты шеберлік сыныбын өткізді. Сабақ барысында қыздар шұлықтан әртүрлі ойыншықтар жасап шығарды.
Сонымен қатар осы күні бірлетік жетекшісі С.К. Калиев 8 - 11 сынып ұлдары арасында «TARTYL fest» спорттық сайысын ұйымдастырды. Оқушылар өзара бақ сынасып, спорттық ептіліктерін көрсетті. Жүлделі орынға ие болған оқушыларға бағалы сыйлықтар берілді.
21 қаңтар күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әбеуғали Е.Б. 8 - 11 сыныптар арасында «Волейбол» спорттық сайысын өткізді. Оқушылар белсенді түрде қатысып, жеңіске жетудегі табандылықтарын көрсетті.
Аптаның осы күнінде «Көңілді старт» спорттық сайысын бастауыш буынның 3 - 4 сыныптарына Ш.А. Мирам өткізді. Оқушылар көңілді, белсенді және бір - бірімен бәсекелесе ойнаған жарыстың куәсі болдық.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Х. Бейсембаев 9 «А» сыныбында 21 қаңтар күні «Асық ату. Бес асық» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар ұлттық ойын бойынша білімдерін толықтырып, тәжірибе жинады.
Дәл осы күні А.С. Шарипов 5 - 6 сыныптарға «Дәстүр мен спорт үндестігі» атты спорттық сайыс өткізіп, оқушыларды белсенділіктерін оятты. Музыка пәнінің мұғалімі Бирмуканова А.М «Музыкадағы табиғат құбылыстары» тақырыбында ашық сабақты 4 «А» сынып оқушыларымен өткізді.
22 қаңтар күні мектебіміздің ұстаздарына арналған «Сазбен сәндік және пайдалы бұйым жасау» тақырыбында шеберлік сыныпты көркем еңбек пәні мұғалімі Э.К. Ермагамбетова ұйымдастырды. Ұстаздарға қалыпты күн тәртібінен өзгеше іс - әрекет болды.
Апталықтың қорытындысында белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, апталық ресми түрде жабылды. Барлық іс - шаралар жоспарға сай, жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысқан оқушылар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз.


