2026 жылдың 18 ақпанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №32 жалпы білім беретін мектебі» КММ тарих және география пәні мұғалімдеріне арналған қалалық шығармашылық шеберхана өткізілді. Шығармашылық шеберхана тақырыбы - «Тарих пен географияда 3D технологияларды қолданудың заманауи тәсілдері».
Шығармашылық шеберхананың негізгі мақсаты - тарих және география пәні мұғалімдерінің жасанды интеллектімен (ЖИ) тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, заманауи цифрлық технологияларды оқу үдерісінде қолдану жолдарын көрсету және педагогтердің кәсіби дамуына ықпал ету.
Шығармашылық шеберхана бағдарламасы аясында ашық сабақтар, шебер-сыныптар, психологиялық тренингтер мен тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылып, қатысушыларға әдістемелік тұрғыда мол тәжірибе ұсынылды. Айта кететін болсақ, Семинар барысында бірқатар мазмұнды іс-шаралар өтті. Нұрмағанбетов Б.А. «Тарихи лайфхактар» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Педагог-психолог Абдулкаримова Г.С. «Көңілді күн» тренингі арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.
Медебаева А.А. 5 «А» сыныбында «Ежелгі Спарта Афиныдан несімен ерекшеленді?» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, «Оқыту архитектурасы: Комикс және AI» тақырыбында шебер-сыныпта заманауи әдістерді көрсетті. Кустаев Т.Б. тарих сабағында картаны 2D және 3D модельдеу тәсілдері бойынша шебер-сынып өткізді.
Ал Сұлтанов Қ.К. ұйымдастырған «Болашақ энергиясы: Жасыл Қазақстан миссиясы» географиялық квесті қатысушылардың қызығушылығын арттырды.
Шығармашылық шеберхана соңында қатысушылар кері байланыс жасап, іс-шараның мазмұнының өзектілігін, тәжірибелік бағытта жоғары бағалады. Сонымен қатар шығармашылық шеберханаға қатысушылар ұсынылған материалдардың кәсіби қызметте тиімді қолдануға мүмкіндік беретінін айтып, семинардың жоғары деңгейде өткенін және өте пайдалы болғанын ерекше атап өтті.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі" КММ
+7 705 675 3757

ХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХ
ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ

