Layer-5851.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі" КММ

+7 705 675 3757

ХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХ
ХХХ ХХХ ХХХХ

+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
Жүгіру жолы

8–10-сынып оқушылары арасында өткен квест-ойын Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының идеялық мұрасын тереңірек танытуға бағытталды. Іс-шара барысында білім, тіл, ұлттық сана және еркіндік құндылықтары кешенді түрде қамтылды. Ойынның «Тарихи сана» бағыты арқылы оқушылар ұлт тұлғаларының еңбектері мен идеялары негізінде ұлттық болмысты тануға мүмкіндік алды. «Адалдық пен азаматтық» тапсырмалары оқушыларды адамгершілік, жауапкершілік және қоғам алдындағы борыш туралы ойлануға жетеледі.Музыка мен руханият бөлімінде Абай атамыздың әндері орындалып, оқушылардың рухани дүниесін байытуға ықпал етті. Көптілділік бағыты аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған тапсырмалар оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып, әлемдік кеңістікпен байланысын кеңейтті.Сонымен қатар, шығармашылық пен бірлікке негізделген командалық тапсырмалар оқушылардың тапқырлығын, ұйымшылдығын және өзара ынтымақтастығын көрсетті.Қорытындылай келе, квест-ойын оқушылардың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттырып, білімді тәжірибе арқылы меңгеруге, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізді.