№32 ЖББМ мен Қостанай жоғары политехникалық колледжі арасында екіжақты меморандум жасалып, бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы аясында 9-сынып оқушылары колледжге экскурсия жасап, «Барлық мамандықтар маңызды» тақырыбында өткен шеберлік сағаттарына қатысты.
Шара барысында оқушылар түрлі мамандықтармен танысып, болашақта өз кәсіби бағытын таңдауда маңызды ақпарат алды. Бұл тәжірибе жас ұрпаққа жаңа серпін беріп, әр мамандықтың құндылығы мен қоғамдағы рөлін түсінуге мүмкіндік жасады.
Сонымен қатар, 9-11 сынып оқушыларына «Эмоционалдық және агрессия жағдайын анықтау» мақсатында психодиагностика жүргізіліп, олардың эмоционалды және әлеуметтік күйі талқыланды.

