Layer-5851.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі" КММ

+7 705 675 3757

ХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХ
ХХХ ХХХ ХХХХ

+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
Жүгіру жолы

Батылдық сабағы форматында ұйымдастырылған кездесу «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа «Әділдік және жауапкершілік», «Заң және тәртіп» құндылықтарын бойына сіңіру және азаматтық сананы қалыптастыру. Кездесуге әскери қызметкер және Әкелер одағының өкілі қатысып, оқушылармен тағылымды әңгіме жүргізді. Ойын тақырыбы: Отан алдындағы борыш, ел қорғаудың қасиетті міндеті, жемқорлыққа қарсы күрес секілді маңызды тақырыптарды қамтыды. Оқушыларға нақты өмірлік мысалдар арқылы құқық пен міндеттің мәні, азаматтық жауапкершіліктің маңызы жеткізілді. Шара барысында жас буын батылдық пен ерлік, адалдық пен әділдік сияқты құндылықтарды бойына сіңірудің маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар, кездесудің интерактивті форматы оқушылардың белсенділігін арттырып, сұрақ–жауап арқылы ой бөлісуге мүмкіндік берді. Қорытындылай келе, кездесу сағаты жас ұрпақты патриоттық рухқа, заңға және қоғам алдындағы жауапкершілікке баулу жолында маңызды қадам болды.