Мектебімізде ұйымдастырылған «Біз демалыста кітап оқимыз» акциясы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, демалыс уақытын тиімді пайдалану және шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталды.
Іс-шара барысында оқушылар демалыс уақытында әртүрлі жанрдағы кітаптарды оқып, өз әсерлерін сыныптастары мен мұғалімдерге айтып берді. Сонымен қатар, оқылған кітаптар бойынша шығармашылық жұмыстар – суреттер, эссе, шағын әңгімелер жасалды.
Акцияның нәтижесінде оқушылардың оқу мәдениеті, сөздік қоры және ой өрісі кеңейді. Кітап оқу арқылы балалардың зейіні дамып, әдеби шығармаларға деген сүйіспеншілігі нығайды.

