Layer-5851.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі" КММ

+7 705 675 3757

ХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХ
ХХХ ХХХ ХХХХ

+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
Жүгіру жолы

Мектепішілік «Буллингтен қорған!» челленджі 5-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, олардың өзін-өзі қорғау, қауіпсіз қарым-қатынас және әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын дамытуға бағытталды.
Іс-шара барысында жүзеге асқан тапсырмалар:
•Буллингтің әртүрлі түрлері мен салдарын талдау;
•Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу әдістерін тәжірибеде қолдану;
•«Достық пен қолдау» тақырыбында шығармашылық жұмыстар дайындау;
•Мектепішілік әлеуметтік желілерде және сынып ішінде позитивті коммуникацияны насихаттау.
Қорытынды:
•Барлық қатысушы сыныптар белсенділік танытып, бір-біріне деген сыйластық пен қолдаудың маңызын түсінді;
•Оқушылар өз эмоцияларын дұрыс білдіру және конфликт жағдайларында бейбіт шешім табу дағдыларын меңгерді;
•Шара мектепте қолайлы, қауіпсіз және достық орта қалыптастыруға ықпал етті;
•Челлендж жас ұрпақтың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, буллингке қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды тәжірибе болды.