2025 жылғы Денсаулық күні «Денсаулық FEST-2025: ұлттық ойындар негізінде» тақырыбында өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттыру және ұлттық дәстүрлерді насихаттау болды. Іс-шараға 3-11 сыныптар қатысты.
Шара барысында оқушылар бірнеше бекеттерде белсенділік танытты:
•«Жұлдызды Жарыс»
•«Көңілді қадам»
•«Dala Fest»
•«Qazaq Battle»
Ұлттық ойындар арқылы – «Арқан тартыс», «Асық ату», «Қол күрес» – оқушылар өздерінің күш-жігерін, ептілігін, тапқырлығы мен бірлігін көрсетті. Бұл ойындар тек физикалық қабілетті шыңдап қана қоймай, достық, тәртіп, әділдік және намыс сияқты құндылықтарды дәріптеді.
Шара барысында жас ұрпаққа ұлттық ойындардың мәдени-тарихи мәні жеткізілді, сонымен қатар салауатты өмір салты мен денсаулықты сақтаудың маңызы түсіндірілді. Келешек мектептері – білім мен тәрбие, спорт пен ұлттық дәстүрді сабақтастыра отырып, жас ұрпақтың болашағына жол ашатын маңызды алаң екенін көрсетті.

