Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Күзгі асар» атты дәстүрлі жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл шара оқушылардың еңбекке баулу, жауапкершілік пен ұйымшылдық қасиеттерін дамытуға бағытталды. Сонымен қатар, ұлттық дәстүр – асар үлгісінде өзара көмек көрсетуді, адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу және қайырымдылық арқылы жүректен жүрекке жылу сыйлау мақсаты көзделді.
Жәрмеңкеге оқушылар мен ата-аналар белсенді қатысты. Қолөнер бұйымдары мен тағамдар өз қолдарымен дайындалып, ұсынылды. Іс-шара барысында балалар ұйымдастыру, өзара көмек және шығармашылық қабілеттерін көрсетті, ал қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, мейірімділік пен сыйластықты тәжірибе жүзінде түсінді.
Қорытындысында «Күзгі асар» жәрмеңкесі оқушылардың еңбекке, дәстүрге, қоғамға пайдалы іс жасауға деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, бұл іс-шара арқылы мектеп қауымдастығында бірлік пен өзара көмек мәдениеті нығайып, балалар мен ата-аналар арасында жылы қарым-қатынас орнатылды.

