Layer-5851.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі" КММ

+7 705 675 3757

ХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХ
ХХХ ХХХ ХХХХ

+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
Жүгіру жолы

Мектебімізде Халықаралық қарттар күніне орай «Қамқор» жобасы аясында «Қоғамға қызмет ету» акциясы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қарттарға құрмет көрсету, қоғамға қызмет ету және адамгершілік құндылықтарын насихаттау. Акция барысында мектеп оқушылары қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетті. Олар сыйлықтар табыс етіп, қажетті заттар мен азық-түлікті жеткізді, сондай-ақ қарттарды жылы лебізбен қарсы алып, құттықтау сөздер айтты. Оқушылардың басты назарында қарттармен әңгімелесу, олардың өмірлік тәжірибесін тыңдау және көңіл бөлу болды.