Республика күніне орай Қостанай қаласы білім бөлімінің №32 жалпы білім беретін мектебінде ұлттық рух пен өнерді ұлықтауға арналған «Қазақтың 100 әні» республикалық жобасы аясында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының бай музыкалық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақ бойында отансүйгіштік сезім мен ұлттық құндылықтарға құрметті қалыптастыру.Шара барысында мектептің 100 оқушысынан құралған хор сахна төрінде тамаша өнер көрсетті.
Хордың орындауында:
Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы»,
Халық әні «Үкілім-ай»,
Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен»
әндері шырқалып, көрермен жүрегіне жол тартты.
{gallery}/is4/22{//gallery}

