Мектебімізде МАД-4 сынып оқушылары арасында «Құстар – табиғаттың сәні» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа, қоршаған ортаға және құстар әлеміне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Байқау барысында оқушылар құстар үшін ұя жасап, әртүрлі шығармашылық жұмыстар ұсынды. Әрбір еңбек табиғатты қорғау мен құстарға қамқорлық жасау идеяларын көрсетті.
Байқаудың нәтижесінде оқушылардың экологиялық мәдениеті қалыптасып, шығармашылық ойлау қабілеттері дамыды. Қатысушылардың еңбектері жоғары бағаланып, үздік жұмыстар марапатталды.

