Тарих пәнінің мұғалімі Нурмаганбетов Беимбет 8 «А» сыныбы оқушылары арасында “Ұлттық валюта әлеміне саяхат” тақырыбында қызықты және танымды интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Ойын барысында оқушылар:
•Ұлттық валютамыз – теңгенің тарихын, шығу тегін және даму жолдарын зерттеді;
•Ақша экономикадағы рөлі мен маңызын түсінді;
•Ақшаға қатысты қызықты деректер мен фактілерді талқылады.
Іс-шараның мақсаты:
•Оқушылардың тарихи және экономикалық білімін арттыру;
•Ұлттық валютамызға деген патриоттық сезімін қалыптастыру;
•Логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау және командалық жұмыс қабілеттерін дамыту.
Ойын барысы: Оқушылар топтарға бөлініп, әр кезеңде түрлі тапсырмаларды орындады. Олар викториналар, пазлдар және сұрақ-жауап арқылы білімдерін тексерді, өз ойларын қорғады, тез ойлану және дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.
Нәтижесі: Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін паш етті. Үздік қатысушылар марапатталды, ал барлық қатысушылар қызықты және пайдалы ақпарат алды. Іс-шара олардың білімге қызығушылығын арттырып, ұлттық валютамызға деген құрмет сезімін нығайтты.

