«Кемел келешек» өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау өтті. Бұл шара тек лауазым үшін бәсеке емес, оқушылардың белсенділігі мен болашаққа деген жауапкершілігінің көрінісі болды.Сайлауға үміткерлер ретінде Сералин Ұлан, Нағашыбай Инабат, Жақсылық Інжу қатысып, өз бағдарламалары арқылы оқушылардың назарын аударды. Олар мектеп өміріндегі ортақ мәселелерді көтеріп, жаңа идеялар мен тың ұсыныстарымен бөлісті, жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін көрсетті. Сайлау қорытындысы бойынша, оқушылардың көп дауысы Нағашыбай Инабатқа беріліп, ол жеңіске жетті. Инабаттың бағдарламасы тек уәделермен шектелмей, нақты іс-қимылдарға бағытталған:
•Оқушылардың үнін тыңдау және олардың ұсыныстарын іске асыру;
•Мектептегі белсенділікті арттыру;
•Мектеп ішкі мәдениетін нығайту.

