Layer-5851.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі" КММ

+7 705 675 3757

ХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХ
ХХХ ХХХ ХХХХ

+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
Жүгіру жолы

Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және ұлттық тәрбиеге баулу мақсатында ұйымдастырылған «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджі жоспарға сәйкес өткізілді. Челленджге 5–11 сынып оқушылары белсене қатысты.

Аталған челленджге барлық сыныптан 20 оқушы қатысты. Қатысушылар отбасылық дәстүрлер, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі, сыйластық пен бірлік тақырыптарын бейнематериалдар, фотосуреттер және шығармашылық жұмыстар арқылы көрсетті. Челлендж барысында ұсынылған жұмыстардың мазмұны мен тәрбиелік мәніне қарай іріктелген үздік материалдар мектептің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына жарияланды.

Челлендж барысында оқушылардың отбасына деген құрметі артып, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас нығайды. Бірлескен жұмыстар арқылы балалар отбасының тәрбиедегі негізгі орта екенін түсініп, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіре түсті.

Қорытындылай келе, «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджі тәрбиелік және қоғамдық маңызы зор іс-шара ретінде жоғары деңгейде бағаланды. Іс-шара отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттырып, болашақта осындай тәрбиелік бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін көрсетті.