Бүгін мектебімізде «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты дәріс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар мен жасөспірімдерді отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарына, өз құқықтары мен жауапкершіліктеріне үйрету, қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыруға үлес қосу болды.
Дәріс барысында қатысушылар отбасылық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның психологиялық және әлеуметтік салдары туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, дәріс барысында қауіпсіздікке байланысты іс-әрекеттер, сенім телефондары, көмек көрсету ұйымдары туралы мәліметтер берілді.
Іс-шара оқушыларға өз эмоцияларын бақылауды, өз құқықтарын қорғауды, қиын жағдайда көмек сұрауды үйретті. Қатысушыларға зорлық-зомбылықсыз қоғам құрудағы әр адамның жауапкершілігі түсіндірілді.

