Мектебіміздің мәжіліс залында «Ұшқыр ой алаңы» атты пікірсайыс өтті. Іс-шарада оқушылар «БП оқушыларға мектеп пәндерін таңдауға рұқсат беруді қолдайды» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салды.
Пікірсайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың пікірталас мәдениетін қалыптастыру, еркін ойлау қабілетін дамыту және өз ойын дәлелдер арқылы нақты жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру болды.
Қатысушылар:
•Сәлімова Эльмира (9 «А»)
•Жұмағали Эльнара (9 «А»)
•Аубакирова Арайлым (9 «А»)
•Тоқтар Риза (10 «А»)
Іс-шара барысында қатысушылар жан-жақты дәлелдер келтіріп, қарсы топтың аргументтеріне жауап қайтарды. Пікірсайыс белсенді, қызықты әрі көңілді атмосферада өтті. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті, креативтілігін және өз ойын ұйымдастыра білуі ерекше байқалды.

