Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №32 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тәрбие, оқыту және оқушылардың тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған іс-шаралар аясында «Тобыл» дебат клубының қатысуымен пікірсайыс ұйымдастырылды.
Пікірсайысқа төмендегі оқушылар қатысты:
• Жұмақан Алтын - 8 «А» сыныбы
• Салимова Эльмира - 9 «А» сыныбы
• Нағашыбай Инабат- 10 «А» сыныбы
• Тоқтар Риза - 10 «А» сыныбы
Шара «БП білім беру жүйесінде интернетті қолдану қате деп есептейді» тақырыбында өтті. Пікірсайыс барысында қатысушылар интернеттің білім беру процесіндегі оң және теріс жақтарын жан-жақты талқылап, өз дәлелдері мен қарсы уәждерін ұсынды. Ойын барысында оқушылардың сыни ойлау қабілеті, шешендік өнері және топта жұмыс істей білу дағдылары айқын көрініс тапты.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға маңызды тәжірибе мен жаңа білім алуға мүмкіндік берді.
{gallery}/itt4/{/gallery}

