Балалардың құқықтарын қорғау және әл-ауқатын қамтамасыз ету жүйесін қолдау мақсатында мектебімізде республикалық деңгейдегі «Менің мектебім буллингке қарсы» флешмобы ұйымдастырылды.Оқушылар мен педагогтер бірлесіп би дайындап, орындау арқылы:
шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуға,
құқықтық сананы қалыптастыруға,
кез келген зорлық-зомбылық түрлеріне қарсы тұруға,
мектеп қауымдастығы ішіндегі бірлікті нығайтуға үлес қосты.
Концепция: «Бірліктің күші мен ішкі рухы»
Ұран: «Рухы мықты ұрпақ – буллингсіз болашақ!»
Бұл бастама жас буынға достықты, сыйластықты дәріптеп, әрбір баланың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына ықпал етеді.

