Layer-5851.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі" КММ

+7 705 675 3757

ХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХ
ХХХ ХХХ ХХХХ

+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
Жүгіру жолы

Мектебімізде «Шабыт» жобасы аясында «Таланттардың күзгі шашырауы» атты ерекше іс-шара өтті. 1–4 сынып оқушылары өз қолымен жасаған бұйымдарын жобалық жұмыс ретінде қорғап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Іс-шарада келесі жобалар ұсынылды:
«Күзгі бақ көрмесі»
«Орман сыйы»
«Күзгі ертегі»
«Менің қолөнерім»
«Менің экожобам» және т.б.

Мақсаты – оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық әлеуетін арттыру және табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Оқушылар табиғи материалдарды – жеміс-жидек, жапырақ, ағаш бұтақтары және басқа да қоршаған орта элементтерін қолдана отырып, өз жобаларын ерекше сәндік әрі мәнерлі етіп жасағаны ерекше бағаланды.

Іс-шара барысында балалар өз жобаларын қорғау арқылы коммуникативтік дағдыларын дамытты, шығармашылық ойлау қабілетін көрсетті және әрбір жас өнерпаздың талантына құрмет көрсету мүмкіндігі туды.