Мектебімізде «Теңге - Тәуелсіздіктің нышаны» атты шығармашылық сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты:
•Оқушыларға ұлттық валюта - теңге туралы мағлұмат беру;
•Патриоттық сезімін арттыру, елін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;
•Шығармашылық қабілеттерін дамыту және қиялын көрсетуге мүмкіндік беру.
Байқау барысы:Байқауға қатысқан оқушылар өз қиялдары мен қолөнер шеберліктерін пайдаланып, Тәуелсіздіктің басты нышаны – теңгені ерекше суреттер мен шығармашылық жұмыстар арқылы бейнеледі. Әрбір жұмыс өзінің ерекше идеясы, түстері мен мәнерімен ерекшеленді. Оқушылар тек сурет қана салмай, ұлттық валютаның тарихын, оның символдық мәнін де зерттеп, ойларын жұмысқа енгізді.Қорытынды:Байқауға белсенді қатысқан барлық оқушылар марапатталып, ең үздік шығармашылық жұмыстар мектеп көрмесіне қойылды. Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, патриоттық сезімін оятуға және ұлттық құндылыққа құрметпен қарауға бағытталды.
{gallery}/it44/5{gallery}

