Layer-5851.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі" КММ

+7 705 675 3757

ХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХ
ХХХ ХХХ ХХХХ

+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
Жүгіру жолы

«Адал азамат» бағыты мен «Даналық мектебі» жобасы аясындаұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Әже аманаты – ұрпаққа өнеге»атты тағылымдық мектепішілік іс-шара өтті. Іс-шарада аналар мен әжелер, қолөнер пәні мұғалімдері және оқушылар бірлесе отырып, киіз басу мен ұршық иірудің көне тәсілдерін көрсетті.Ұлттық өнердің мәні мен маңызын ұғындырған шеберлік сағаттары оқушыларға ерекше әсер қалдырды.

Мектебіміздің қолөнер пәні мұғалімдері Ермагамбетова Эльмира Қабжановна – киіз басу, Абдимоминова Дилдаш Қаппаровна – ұршық иіру бойынша

шеберлік сабақтарын өткізіп, қатысушыларға ұлттық қолөнердің нәзік қырларын үйретті.Шара барысында ұлттық ою-өрнек, салт-дәстүр мен отбасы құндылықтары туралы танымдық сұрақтар қойылып, оқушылар өз білімдерін ортаға салды.Олар ата дәстүрінің терең мағынасын түсініп, ұлттық рухқа бөленді. Іс-шара соңында Кенжебаева Сапия әжеміз ақ батасын беріп, жас ұрпаққа ізгі тілегін арнады.